Кубок иегерлері құрамын толықтырды

Бүгін, 06:52

Қостанайлық "Тобыл" биылғы маусым алдындағы құрамын Беларусь құрамасының ойыншысымен күшейтпек, деп хабарлайды Aladop.kz.

Кубок иегерлері құрамын толықтырды

Мәліметтерге сүйенсек, 25 жастағы жартылай қорғаушы Максим Мякиш қазіргі таңда команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келіп үлгерген.

Мякиш бұған дейін Минскінің "Динамо" клубында өнер көрсетті. Ол өткен маусымда 36 матчқа қатысып, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Футболшының мансабындағы айтулы оқиға 2025 жылдың қыркүйегінде болды. Ол Беларусь ұлттық құрамасы сапында алғашқы ойынын өткізіп, халықаралық деңгейдегі тәжірибесін бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×