Қазақстан Кубогінің жартылай финалының бірінші мачтары артта. Осы кезеңде фаворит саналған екі ұжым да сенімді ақтады. Алайда, интрига әлі де бар деп есептейміз. Әсіресе, «Ақтөбе» - «Елімай» жұбында. Семейліктер бірінші дуэльде жауапсыз екі доп жібергенімен, Андрей Карпович командасының әлі де бір айтары бар секілді.
«Ақтөбе» - «Елімай»: семейлік ұжымнан камбэк күтеміз
Бұл ойында разница жасаған - Максим Самородов. Кеше өткен кездесуде Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысының еншісінде гол мен нәтижелі пас. Корзун бастаған семейліктерге Максимді тұсап ұстау мүмкін болған жоқ. «Ақтөбенің» көшбасшысы олай да былай да ойқастады кеп. Сондай-ақ, алаң иелерінің шабуыл шебінде белсенді болғанның бірі – Дорни Ромеро. Сырттан келгеннің бәріне бірдей жаға бермейтін ҚПЛ-ге доминикандық футболшы ақырындап бой үретіп қалған сыңайлы. Кеше Самородовтың пасына бірінші болып жетіп, алаң иелері үшін өте маңызды голды салды. Қысқасы, «Ақтөбенің» жеңісінде экзотикалық елдің өкілінің үлесі қомақты болды. Иә, қазіргі «Ақтөбеден» 2 доп айырмасын қайтару өте күрделі шаруа. Команданың ойыны сұрапыл. Шабуыл шебі ҚПЛ-дегі ең мықты позицияның бірі саналады. Семейлік жанкүйерді Андрей Карповичтің матч соңында айтқаны да жұбата қоймасы анық. Өзінің бұрынғы клубына қарсы кездесуден кейін «Елімай» бас бапкері есе қайтарудың қиын болатынын айтқан болатын. - «Қарсылас нәтижені бірінші тайймда-ақ жасап тастады», деп «Ақтөбенің» басымдығын толық мойындағанымен де Карповичтың бір ойлаған бар секілді көрінеді бізге. Алаң иелерін жаттықтыратын Дмитрий Парфенов те ұстамдылық танытты. Ресейлік-украиндық маман биылғы чемпионат пен Кубоктегі бәсекелестіктің жоғарылығын алға тартты. Сонау алыстағы 2008-де ел Кубогін бастарына көтерген ақтөбеліктер екі майданда да кемені тең ұстай ала ма? Мәселе осында. Команда Кубокте финалға шыға алса, шамамен екі ойыны бар. Ал біріншіліктегі қызық талас-тартыс пен қызықтың көкесі «Ақтөбе» үшін енді басталмақ.
«Тобыл» - «Атырау»: «мұнайшылардың» жеткен жері осы
Былтырғы Қазақстан Кубогінің иегері «кеншілерге» қарсы сәтсіздіктен кейін барынша жинақы ойнауға тырысқан. Бұл бәсекенің бірінші минуттарынан байқалды. «Тобыл» даусыз фаворит саналған еді, қостанайлықтар сонысын іс-жүзінде де дәлелдеп шықты. Биылғы «Атырауды» кішігірім Беларусия құрамасы деп сан рет жазып жүрміз. Өкінішке қарай, «мұнайшылар» осы жолы Кубоктік команда деген атағынан айырылғалы тұр. Кеше оны «Атырау» ақтамады. Биыл жартылай финалмен ғана шектелетін секілді. Кім біледі, доп домалақ дегендей. Бірақ, бір гол айырмасымен ғана есе жіберген «Атыраудан» көрі, бізге қарымта ойындарда «Елімайдың» мүмкіндігі көбірек секілді. Милич Чурчич Қазақстан Кубогін тағы бір алсам дейтін болуы керек, алаң иелері батыстан келген командаға қонақжайлылық таныта қоймады. «Тобыл» барлық компонент жағынан басым көрінді. «Мұнайшылардың» көп мүмкіндігі де болған жоқ. Енді жауапты кездесуде «Атыраудың» азулы қарсыластан қайтып айласын асыра алатынын түсіне алмай отырмыз. Алаң иелерінің бас бапкері - «Соңғы 10 күнде көп мәселе болды, бұл тек бір ойын ғана, әлі ештеңе анық емес», деген еді. Десе де, Милич Чурчичтің «Атыраудың» шама-шарқын бағамдап қойғаны сөзсіз. Ойынға келер болсақ, әрине, пенальтидің бәсеке желісіне біраз өзгеріс енгізгені анық. Әсіресе, «Атырау» фавроитке қарсы қиын жағдайда қалды. Алайда, «Тобылдың» бір бас жоғары ойнағанын да мойындауымыз керек. Қысқасы, былтыр осы турнирде топ жарған «Тобыл» сол жетістігін биыл да қайталауға жақын. Ол үшін жартылай финалдың жауапты кездесуінде сүрінбей, финалда бар күшті сарп етуі тиіс.
Біздің серіктес: FONBET