«Наполи» клубының қорғаушысы Калиду Кулибали жақын арада «Манчестер Ситидің» ойыншысы болуы мүмкін, деп хабарлайды France Football.
Дереккөздің хабарлауынша, Кулибали Англия клубымен жеке келісімшарт талаптарын келісіп қойған. Бұған дейін «Наполи» футболшының сатылымынан 70 миллион еуро алуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын, бірақ «қала тұрғындары» бұл бағаны тым жоғары деп санайды.
2019/2020 маусымдағы Италия чемпионатында Кулибали «Наполи» сапында 25 матч өткізіп, 7 сары қағаз алды. Кулибали "Наполиға" Бельгияның "Генк" командасынан 2014 жылы көшіп келген. Қорғаушының ауысып келген еді. Футболшының келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жасалған.
Айта кетейік, "Манчестер Сити" 2019/2020 маусымдағы Англия Премьер-лигасында 2-орынға ие болды.
Біздің серіктес: FONBET