Кулибали «Манчестер Ситиге» ауысуға жақын

06.09.2020, 20:12
Гвардиола Мессиді алмаған соң бар назарын Кулибалиге аударды.
Кулибали «Манчестер Ситиге» ауысуға жақын

Жақында «Манчестер Ситимен» келісімшарт жасасатын «Наполидің» қорғаушысы Калиду Кулибали жылына 12 миллион еуро жалақы алады, деп хабарлады италиялық журналист Альфредо Педулла.

29 жастағы Кулибалидың «Наполиден» «Манчестер Ситиге» ауысуы 75 миллион еуроны құрайтыны хабарланды. 2019/2020 Италия чемпионатында сенегалдық қорғаушы «Наполи» сапында 25 матч өткізіп, 7 сары қағаз алды.

Кулибали 2014 жылы Бельгияның "Генк" клубынан "Наполиге" ауысқан болатын. Қорғаушының клубпен келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жасалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×