«Барселонаның» жаңа бас бапкері Рональд Коуман жазғы трансфер терезесінде кімдерді алатынын анықтап қойды, дейді AS.
Дереккөздің хабарлауынша, голландиялық маман «Манчестер Сити» қорғаушысы Эрик Гарсияны, «Аякс» жартылай қорғаушысы Донни ван де Бек пен «Интер» шабуылшысы Лаутаро Мартинесті сатып алғысы келеді. Бұған дейін «Барселонаның» «Интер» клубымен Мартинесті сатып алу жөнінде белсенді келіссөздер жүргізгені туралы хабарланған болатын, бірақ клубтар келісе алмады.
22 жастағы аргентиналық ойыншының келісімшартындағы өтемақы мөлшері - 111 миллион еуро, 19 жастағы Гарсияға келсек, ол «Барселонаның» түлегі. Ойыншының "қалалықтармен" келісім-шарты 2021 жылдың жазында аяқталады, сондықтан каталондықтар ол үшін 10 миллион еуродан астам ақша төлеуге дайын емес. "Манчестер Сити" өз ойыншысын 23 миллион еуроға бағалайды. "Барселона" Ван де Бекке ұсыныс тастап үлгеріпті. Голландиялық ойыншының "Аякспен" келісімшарты 2022 жылдың жазында аяқталады.
Біздің серіктес: FONBET