Куман «Барселонамен» келісімге келді

18.08.2020, 00:09
Дағдарыстың алдында тұрған «Барселонаға» мықты бапкер керек-ақ.
Куман «Барселонамен» келісімге келді

Нидерланды құрамасының бас бапкері Рональд Куман «Барселона» командасымен үш жылдық келісімшартқа қол қояды, деп жазды журналист Николо Шира Twitter-дегі парақшасында. Бұл туралы осы аптада ресми түрде хабарланады.

Каталондықтардың басшылығы голландиялық жаттықтырушыны команданың бас бапкері лауазымына ең жақсы үміткер деп санайды. Бұған дейін каталондық клубтың президенті Хосеп Бартомеу Энрике Сетьеннің қызметінен кететінін мәлімдеген болатын.

Алайда, 2019 жылдың күзінде Куманның Нидерланды футбол одағымен келісімшартында, егер ол "Барселонадан" ұсыныс алса, Еуро-2020-дан кейін ғана қызметінен кетуге мүмкіндік беретін ереже бар екені белгілі болды. Ал Еуропа чемпионаты 2021 жылға шегерілген болатын.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×