Куман: «Мессидің сөздерінен кейін тыныш өмір сүремін бе, білмеймін»

01.10.2020, 18:39
Кеше Месси команда жанкүйерлерін бірігуге шақырған еді.
Куман: «Мессидің сөздерінен кейін тыныш өмір сүремін бе, білмеймін»

«Барселонаның» бас бапкері Рональд Куман аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің команда жанкүйерлерін ауызбіршілікке шақырған сұхбатына түсініктеме берді.

«Леоның сөздерінен кейін мен тыныш өмір сүремін бе, білмеймін. Капитанның бірлікті талап етуі өте жақсы. Біз соңғы апталарда бастан өткерген нәрсеге барған сайын сабырлықпен қараймыз деп үміттенемін», - деді Куман Daily Mail басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, өткен маусымның соңында Месси келісімшарттағы тегін кетуге мүмкіндік беретін опцияны қолданып, клубын ауыстырғысы келетіндігі туралы хабарлаған еді. "Барселона" басшылығы аргентиналық футболшыны бұл нұсқа енді жарамсыз деп босатудан бас тартты. Аргентиналық ойыншыны алуға басты үміткер "Манчестер Сити" болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×