Күміс қолда, алтын жолда

23.04.2025, 08:30

"Монтжуикдағы" салқын кеш. Ескі драма тағы жалғасты. Бұл жолы Барселонаның қойылымына қарсы Мальоркадан келген “құлып салғыштар” шықты. Бірақ бұл құлыпты ашатын кілт – Дани Олмо екені матчтың екінші бөлігінде белгілі болды.

Күміс қолда, алтын жолда

Ханс-Дитер Флик алдағы “Реалмен” болатын Кубок финалын ескеріп, негізгі жұлдыздарын демалдырды. Орнына Эктор Форт, Эрик Гарсия мен көптен бері көрінбей кеткен Ансу Фати алаңға шықты. Алғашқы таймда Барса допты көп иеленсе де, бір гол салу үшін терлеп-тепшіді. Қақпашы Лео Роман мен Мальорка қорғанысы – тастай қатты.

Алайда үзілістен кейін Барса жалынды оттай қайта шықты. 46-минутта Эрик Гарсия оң қапталдан Олмоны сәтті тапты. Олмо айып алаңында қарсыласын айналып өтіп, керемет бұралған соққымен есеп ашты. Қақпашы Роман қанша тырысса да, доп торға топ ете қалды. 

Осы сәттен бастап "Барса" еркін тыныс ала бастады. Есепті арттыруға тырысқанымен, Роман ерлігі жалғасты – Фати, Ламине Ямал және Пау Виктордың соққылары голға айналмай қалды.

Осы жеңіс арқылы Каталондықтар Ла Лигада көшбасшылығын 7 ұпайға ұзартты. “Реал” сәрсенбіде Хетафені жеңсе, айырмашылық 4 ұпайға қысқаруы мүмкін.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×