КуПС клубына қош сау дейміз!

Алматылық “Қайрат” Чемпиондар Лигасының 2 іріктеуі аясында финляндиялық КуПС ұжымын қос ойын қорытындысы бойынша жеңді (3:2).

КуПС клубына қош сау дейміз!

Рафаэль Уразбахтин ұжымы бүгінгі өткен өз алаң кездесуінде Дастан Сәтпаев, Жоржиньо және Валерий Громыконың голдарының арқасында камбэк жасап, келесі кезеңге өтті.

Еуропаның басты турнирінің 3 іріктеуінде “Қайрат” “Зриньски” Мостар - “Слован” арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.

Ал, қос матч қорытындысы бойынша ұтылған КуПС болса, Еуропа Лигасының 3 іріктеуінде РФШ Латвия - “Мальме” ұжымдарының дарабозымен жолығады. Бұл ұжымдар арасындағы алғашқы ойын 1:4 есебімен Швеция командасы пайдасына шешілген.

Айта кетейік, егерде “Слован” Братислава “Зриньскиге” қарсы алдыңғы ойындағы басымдықты сақтап қалса, онда Алматыға ескі таныс Владимир Вайсс қонаққа келмек. Словакиялық маман 2013-2015 жылдары “Қайратты” жаттықтырды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×