«КуПС» клубының бас бапкері пресс-конференцияға қатысудан бас тартты

30.07.2025, 00:28

Алматының «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде финляндиялық «КуПС» командасын екі ойын қорытындысы бойынша, 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алды.

«КуПС» клубының бас бапкері пресс-конференцияға қатысудан бас тартты

Алайда матчтан кейін ерекше жайт тіркелді. «КуПС» клубының бас бапкері Яркко Висс баспасөз мәслихатына қатыспады. 

Алматылық клубтың баспасөздерінің мәліметінше, матч аяқталғаннан кейін Висске баспасөз мәслихатына қатысу үшін арнайы залға кіру ұсынылған. Алайда финдік маман ештеңе айтпастан, үнсіз кеткен. Артынша қонақ команда толық құрамымен стадионды тастап шыққан.

Турнир ережесі бойынша, командалардың бас бапкерлері матчтан кейінгі баспасөз конференциясына қатысуы тиіс. «Қайрат» клубы өкілдерінің айтуынша, тараптар алдын ала келісіп, ойын алдындағы баспасөз жиынын өткізбейтін болған. Алайда матчтан кейінгі кездесудің міндетті түрде болатыны келісілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×