КуПС командасының жарқын жұлдызы Отто Руоппи несімен қауіпті?

Бүгін, “Қайрат” командасы Чемпиондар Лигасының 2 іріктеу кезеңі аясында КуПС командасында қонақта болады. Осыған орай, Aladop.kz порталы тілшісі Мұхаммедқали Көбеев, қарсылас клубтың қауіпті ойыншысы саналатын - Отто Руоппиге тоқталды.

КуПС командасының жарқын жұлдызы Отто Руоппи несімен қауіпті?

2006 жылдың 31 қаңтарында туылған Отто Руоппи КуПС командасының түлегі. 2021 жылдан бері осы бір ұжымда өнер көрсетіп келе жатқан жас жартылай қорғаушы аз уақыт ішінде жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды. Талантты ойыншыны ел құрамасы бапкерлері де тұрақты түрде халықаралық матчтарға шақыртып келеді. Өзінің жасына қарамастан, Отто командасының осы жылдағы барлық ойындарына қатысты. Мәселен, Руоппи өткізген 28 матчында 6 гол мен 6 голдық пас беріп, КуПС ұжымының үздік сұрмергендерінің бірі болды. Отто тіпті Чемпиондар Лигасының квалификациясында “Милсами” қақпасына жеңісті голда соқты. Куопио қаласы ұжымы сол нәтижеден кейін “Қайратқа” қарсылас атанды. КуПС бапкері Яррко Висс Руоппидің әмбебаптығын жоғары бағалайды және оған жасыл алаңда толықтай еркіндік береді. Бұған себеп, Отто өз мансабында 6 түрлі позицияда еркін ойнаған. Оның жартылай қорғаушы бола тұра, шабуылға белсене араласуы осыдан болар. 

Финяляндия футболы үлкен үміт артып отырған Оттоның ойын мәнері норвегиялық Мартин Эдегорға келеді. "Арсенал" футболшысы секілді Руоппиде бір паспен командаласын қарсылас қақпашысымен бірге-бір шығуына мүмкін туғызады. Онымен қоса, ашық кеңестікті бірден тауып алатын қасиеті бар. Шабуылға жақсы араласады және алыстан соққы бағыттаудан жасқанбайды. Бұның барлығы әрине норвегиялық маестроның ойын стиліне келеді. Бірақта Оттоны Мартиннен ерекшелейтін өзіндік бір қабілет бар, ол - баспен ойнау… Ия, бойы 1,80 см құрайтын футболшы голдарының біршамасын баспен соққан. Сол себептен, стандарт жағдайларда бұл футболшыдан абай болған абзал! 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×