«Вест Хэм Юнайтед» клубының қорғаушысы Курт Зума жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін жазалануы мүмкін.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Зуманың мысықты аяқпен тепкен видеосы пайда болған еді.
«Мен өз әрекеттерім үшін кешірім сұрағым келеді. Шын жүректен өкінемін және бқл әрекетім үшін ақтала алмаймын. Мен барлығына екі мысықтың сау екенін айтқым келеді. Оларды біздің бүкіл отбасымыз жақсы көреді және бағалайды, мұндай әрекет енді қайталанбайды», - деді Зума.
Ағылшын Премьер-лигасының ағымдағы маусымында француз қорғаушысы 12 матчқа қатысып, бір гол соқты. Ойыншының клубпен келісім-шарты 2025 жылға дейін есептелген.
Біздің серіктес: FONBET