Куртуа «Реал Мадридтің» ХХІ ғасырдағы үздік қақпашысы

11.07.2020, 17:50
Келгеніне екі жыл болмады клубтың тарихына ене бастады.
Куртуа «Реал Мадридтің» ХХІ ғасырдағы үздік қақпашысы

«Реал Мадридтің» 28 жастағы бельгиялық қақпашысы Тибо Куртуа ХХІ ғасырдағы "Корольдік" клубтың қақпашылары үшін ерекше статистикалық жетістікке ие болды, деп хабарлайды Bleacher Report.

Испания чемпионатының 35-турындағы кездесуде 18-ші ойынды құрғақ ұстаған Куртуа «Реал Мадридтің» 1988 жылдан бері осы межені бағындырған алғашқы қақпашысы болды.

Естеріңізге сала кетейік, Тибо Куртуа 2018 жылдың тамызында Лондондық "Челсиден" 35 миллион еуроға ауысып, «Реал Мадридтің» ойыншысы болды. Корольдік клуб мүшесі болғаннан бері 75 кездесу өткізді, оның 31 матчы құрғақ болды. 2018/2019 маусымдағы Испания Суперкубогы және 2019 жылы клубтық әлем чемпионатының жеңімпазы. Оның клубпен келісімшарты 2024 жылдың маусымына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×