Квинси Промес Ислам дінін қабылдады

18.03.2025, 21:27

Нидерланд құрамасы мен «Аякс» клубының бұрынғы футболшысы, бүгінде БАӘ чемпионатында өнер көрсетіп жүрген Квинси Промес ислам дінін қабылдады.

Квинси Промес Ислам дінін қабылдады
Квинси Промес

Бұл туралы Mash телеграм-арнасы мәлімдеген. 33-жастағы нидерландтық куәгерлердің қатысуымен шаһаданы оқыды. Бұл оның мұсылмандықты мойындағанын аңғартады делінген телеграм-арнасының жазбасында. 

Квинси Промес немере ағасына пышақпен шабуыл жасаған және есірткі контрабандасы үшін 7,5 жылға бас бостандығынан айырылғандығы естеріңізде болар. Бір кездері футболшыға тіпті халықаралық іздеу де жарияланған. 

Қазір ол Дубайдың «Юнайтед» клубында өнер көрсетеді. Бұған дейін «Севилья», «Спартак» және «Твенте» клубтарының намысын қорғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×