«Қылыш пен қалқансыз» қалды... Фарер аралдарына қарсы Қазақстанда үлкен минус бар екен. Ол не және нәтижеге қаншалықты әсері болуы ықтимал?

18.11.2025, 12:25

Ресейлік «Ведомости» сайты Фарер аралдары мен Қазақстан арасындағы матчқа тоқталып, Талғат Байсуфиновтың командасынының кемшін тұсын тілге тиек етті.

«Қылыш пен қалқансыз» қалды... Фарер аралдарына қарсы Қазақстанда үлкен минус бар екен. Ол не және нәтижеге қаншалықты әсері болуы ықтимал?
Қазақстан құрамасы

Сондай-ақ, танымал портал бұл ойынның аса тартысты болмайтынын да меңзеген болатын.    

«Фарер аралдары ӘЧ іріктеуінің басты сенсациясы. Эйдун Клакстейннің командасы қыркүйек-қазан аралығында қатарынан қол жеткізген үш жеңісімен әлемді таңқалдырған, әсіресе, дәстүрлі түрде азулы саналатын Чехияны ұтып есте қалды. Ал Қазақстан керісінше іріктеудің басын сүреңсіз өткізіп, тек соңына таман жанкүйерлерін қуанта алды. Мұндағы жеңіліссіз үш ойынның ішінде, әсіресе, Бельгиямен өз алаңында тең түскені ерекше резонанс тудырған еді. Ал алаң иелерінің аталған матчты 10 адаммен аяқтағаны бұл тең нәтиженің бағасын тіптен көтеріп жіберген. Алайда, жылдың соңғы бәсекесінде қазақстандықтар «қылыш пен қалқансыз» қалды: шабуылшы Сәтпаев пен қақпашы Анарбеков мерзімінен бұрын Чемпиондар Лигасының кездесуіне дайындалу үшін «Қайраттың» сапына кетіп қалды. Ал бельгиялықтардың қақпасынан саңылау тапқан дәл осы 17 жастағы шабуылшы еді. Талғат Байсуфинов үшін енді оның орнын басатын футболшы табу қиынға соғады. Өз кезегінде номиналды алаң иелері іріктеудегі сәтсіздік салдарынан көңілсіз шығатыны анық. Бұл бәсекеде ерекше бір шоу болатындай алғышарттары байқалмайды», - делінген ресейлік сайттың материалында.     

Бұл Қазақстан құрамасының биылғы жылдағы соңғы матчы. Ұлттық команда 2025-те ӘЧ іріктеуіне қатысып, 8 ұпай жинады. Өз тобында Бельгия, Солтүстік Македония мен Уэльстен кейін 4-орынға табан тіреді. Өткен сенбіде Талғат Байсуфинов жаттықтыратын қазақстандықтар Бельгиямен ұпай бөліскен болатын 1:1.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×