Қырғыздардан артта қалып қойдық ба? – Шындық белгілі болды

Бүгін, 15:15

"Ақтөбенің" бұрынғы жаттықтырушысы Қырғызстан футболының деңгейін Қазақстанмен салыстырды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қырғыздардан артта қалып қойдық ба? – Шындық белгілі болды

Қырғызстанның “Азиягол” ұжымын басқарып отырған жаттықтырушы Игорь Леонов Sport.ua сайтына берген сұхбатында көрші елдің футболы мен Қазақстан Премьер лигасының айырмашылығы туралы ашық айтты.

Игорь Леонов Қазақстаннан кеткеннен кейін біраз уақыт Германияда отбасымен бірге болған. Алайда футболға деген сағыныш оны Орталық Азияға қайта алып келді. Бастапқыда ол Бішкектің “Азиягол” клубына спорттық директор болып шақыртылған.

“Балалар академиясымен жұмыс істеп, Ташкенттегі турнирлерге барып жүрдім. Бірақ көп ұзамай клуб басшылығы маған бірінші команданың бас бапкері болуды ұсынды. Өз ісімді жақсы көргендіктен, көп ойланбастан келістім.” — дейді маман.

Айта кетерлігі, Леоновпен бірге бұрын “Ақтөбеде” бірге жұмыс істеген көмекшісі Олег Шевченко да Бішкекке ат басын бұрған.

Жаттықтырушы екі елдің футбол деңгейін салыстыра келе, Қазақстанның әлі де көш ілгері екенін жасырмады. Оның айтуынша, басты себеп — қаржыландыру мен инвестиция көлемінде.

"Қазақстан футболында айналатын қаражат әлдеқайда көп, бұл легионерлер сапасына тікелей әсер етеді. Қырғызстанда жаңадан базалар мен стадиондар салына бастаған, бірақ Қазақстанның қалыптасқан жүйесіне жету үшін уақыт қажет."

Айта кетсек, Қырғыз елі биыл Орталық Азиядағы ең ірі — 51 мың адам сыятын “Бишкек Арена” стадионын пайдалануға бермек.

“Қырғызстан футболының деңгейі Украинадан ғана емес, Қазақстаннан да төменірек. Дегенмен, мұнда футболға деген құлшыныс оянған. Адамдар қаржы құйып, инфрақұрылымды қолға алып жатыр. Болашақта бұл елдің футболы айтарлықтай өсетініне сенімдімін.” — деп түйіндеді Бішкек клубымен бір жылдық келісімшартқа отырған Игорь Леонов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×