Қырғызстан құрамасының қақпашысы А Сериясының клубымен келісімге келді

08.04.2025, 17:35

Бізге келіп жеткен ақпаратқа сенсек, «Тұран» мен «Каспийдің» бұрынғы қақпашысы (22-23 ж.ж) Ержан Тоқотаев «Парма» жейдесін кимек.

Қырғызстан құрамасының қақпашысы А Сериясының клубымен келісімге келді
Ержан Тоқотаев

Тоқотаев пен А Сериясының командасы бір жылдық келісімшарт жасасады делінген.

Қырғызстан құрамасының қақпашысына РПЛ, ФНЛ және италиялық бірнеше команданың қызығушылық танытып отырғаны туралы ақпарат тараған. Бұл туралы «ПрогнАзия» порталы мәлімдеген еді. «Парма» қазір 31 турдан кейін А Сериясының турнирлік кестесінде 16-орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Ержан Тоқотаев өзінің ұлттық командасымен Азия іріктеуінің  7-турында Өзбекстанға қарсы ойында өнер көрсетті (0:1). ӘЧ-2026 аясындағы Ташкентте болған ойында қырғыз қақпашысы бірнеше сейв жасап, Эльдор Шомуродовтың пенальтиін тосып алған еді. Е. Тоқотаев жалпы сол матчтағы үздік ойыншылардың бірі де танылды.

25-жастағы қақпашы Қырғызстан сапында 33 матчта өнер көрсеткен. Е. Тоқотаевтың нарықтық бағасы 300 мың еуро. Қырғызстандық қақпашы қазір түркияның Бірінші лигасындағы «Шанлыурфаспор» командасында доп тебуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×