Қырғызстан ұлттық құрамасының қақпашысына Италиялық клуб құда түспек

22.03.2025, 17:17

«Тұран» мен «Каспийдің» бұрынғы қақпашысы (22-23 жыл маусым) Ержан Тоқотаевты өзінің сапынан бірнеше команда көргісі келеді.

Қырғызстан ұлттық құрамасының қақпашысына Италиялық клуб құда түспек
Ержан Тоқотаев «Тұран» сапында

Қырғызстан құрамасының киперіне РПЛ, ФНЛ және италиялық бірнеше команда қызығушылық танытып отырған көрінеді. Бұл туралы «ПрогнАзия» мәлімдеген болатын. 

Ержан Тоқотаев өзінің ұлттық командасымен кеше Азия іріктеуінің  7-турында Өзбекстанға қарсы ойында өнер көрсетті (0:1). ӘЧ-2026 аясындағы Ташкентте болған бәсекеде қырғыз қақпашысы бірнеше сейв жасап, Эльдор Шомуродовтың пенальтиін тосып алған еді. Е. Тоқотаев жалпы сол ойындағы үздік ойыншылардың бірі болды.

25-жастағы футболшы Қырғызстан сапында  33 матчта өнер көрсеткен. Нарықтық бағасы 300 мың еуро. Ержан Тоқотаев қазір түркияның Бірінші лигасындағы «Шанлыурфаспор» командасында доп тебуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×