Виктор Майер - Еуропа ұжымын жаттықтыруға кіріскен алғашқы қырғызстандық бапкер атанды.
35 жастағы маман Германияда бапкерлік білімін жетілдіріп, сонда UEFA А категориясының лицензиясына қол жеткізді. Одан кейін, Майнц қаласында тағылымдамадан сәтті өтіп, нәтижесінде “Форвертс” командасын тізгіндеді. Нордхорн қаласының командасы қазірде Германияның 6 дивизионында өнер көрсетеді.
Қазірде қырғызстандық БАҚ өкілдері Виктордың шетел ұжымына бапкер болған алғашқы қырғыз екенін жарыса жазуда.
Жаңа қызметінде Викторға Колин Хайнс көмектесетін болады. Аталған азамат Майер келгенге дейін команданы уақытша жаттықтырып жүрді. Және қарсыласты зертеуге бағытталған видеосарапшы жұмысын атқарды.