Қырғызстандық жанкүйер "Барселонаның" Чемпиондар лигасындағы матчын тамашалай алмады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Себеп — күзет оны Жапониялыққа ұқсатқан және Каталондық клубтың жанкүйеріне мүлдем ұқсамайды деп шешкен.
Дереккөздердің мәліметінше ол "Айнтрахтқа" қарсы ойынды көру үшін 272 мың теңгеге билет сатып алған, сондай-ақ 7 мыңнан астам шақырым жол жүріп, Камп Ноуға жеткен.
Алайда, стадион кіреберісінде күзет қызметі оны тоқтатып, "сіз клуб жанкүйеріне ұқсамайсыз” деп, стадионға кіргізуден бас тартқан.
Бұл оқиғаның түпкі себебі 2022 жылы дәл осы командалардың Барселонадағы кездесуінде орын алған жанжалға байланысты болуы мүмкін. Сол кезде "Айнтрахт" жанкүйерлеріне 10 мың билет бөлінгенімен, олар 30 мыңға жуық билет сатып алып, стадионды тек өздерімен лық толтырған.
Осы оқиғадан кейін "Барселона" президенті Жоан Лапорта билет сату ережелерін айтарлықтай қатаңдатқан болатын.