«Қызыл-Жар» - «Тұран» тартысына болжам

05.04.2025, 15:54

«Ақтөбе» мен «Қайратқа» қарсы кәдімгідей тегеурінді қарсылық танытқан түркістандықтар осы жолы екінші жеңісін тіркей ала ма?

«Қызыл-Жар» - «Тұран» тартысына болжам
Әли Әлиев

Атыраудағы жемісті еңбегімен көзге түскен Виталий Жуковский жаңа жерінде де тәп-тәуір команда жасақтаған секілді. «Тұран» маусымашар матчында «Оқжетпестен» айласын асырған соң қатарынан екі тур фавориттерге тап болды (Қайрат 1:2 және Ақтөбе 1:2). Енді бүгін қайтадан ұпай алатын жақсы мүмкіндік. Бірақ, біраз БАҚ та түркістандық клуб қарызға белшеден батып, футболшылары наразылық танытып отыр деген ақпарат тарады. Қазір санаулы сағаттардан кейін басталатын кездесуге осы фактор ықпал етуі мүмкін. Ал Виталий Жуковскийге жақсы жағдай жасалса, біздің өлшеммен сапалы команда жасақтап беретіні даусыз. 

Ал «Қызыл-Жар» Әли Әлиевтің кезіндегідей емес. Былтыр ортаңқол деңгейде көрініп қалған клубқа алғашқы турларда аса ауыр тиюде. Бұған қоса петропавлдықтар маусымның басында үйдегі ойындарын Қостанайда өткізуге мәжбүр. Айтпақшы, соңғы екі турда «Қызыл-Жардың» да қарсыластары осал болған жоқ, - «Ордабасымен» тең түссе 0:0, «Астанаға» қайратын өткізе алмады 0:2. Сондықтанда, бүгін номиналды алаң иелері үшін де ұпай ауадай қажет. 

Александр Бразевич Беларусь чемпионатында Кубок еншілеп, кәсіби біліктілігін дәлелдеген маман, енді соны ҚПЛ-де көрсетіп жіберуі тиіс және дереу арада. Өйткені, бүгінгі «Тұран» секілді деңгейлес қарсыластарынан басым түсе алмай, ұпайдан шашау шығарса, жағдайы қиын болмақ. 

Біздің болжам - «Тобыл Аренадағы» ойында жеңімпаз анықталмайды. Fonbet.kz-те бұл нұсқаға 3.20 коэффициентімен бәс тігуге мүмкіндік бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×