Біз осыған дейін петропавлдық клубтың тізгінін ұстауы мүмкін үміткерлердің есімін бірінші болып жазған едік.
Соның бірі Александр Бразевич болатын. Енді сол ақпарат расталып отырған секілді. Айта кетейік, «Қызыл-Жар» Әли Әлиевпен арадағы келісім-шартты үзіп, жаңа жаттықтырушы қарастыруда. Бас бапкерлікке Бразевичтен бөлек тағы бірқатар Белраусь маманының кандидатурасы қарастырылғаны да мәлім – Игорь Криушенко, былтыр «Ордабасыны» жаттықтырған Александр Седнев пен украиналық маман Владмир Мазяр. Алайда, соңғы таңдау А. Бразевичке түскен сыңайлы. Десе де, петропавлдық ұжымның ресми мәлімдемесін күту керек.
Александр Бразевичтің бапкерлік мансабы 2006-жылы өзінің отанында басталған еді: МТЗ-РИПО Минск командасы бас бапкерінің ассистенті болды. Сондай-ақ, Беларусьте «Динамо Брест», «Арсенал», «Слуцк» және «Смолевичи» сынды ұжымдарда бас бапкер қызметін атқарғаны белгілі. А. Бразевичтің менеджмент саласында да тәжірибесі бар – «БАТЭ»-дегі скауттар клубына директорлық еткен екен. Бұдан бөлек, оның жаттықтырушылық мансабында литваның «Жальгирис» және «Каунас» сияқты командалары да болды. Сондай-ақ, Александр Бразевичтің «Арсенал Дзержинскпен» 2022-2023-жылғы маусымда Беларусьтің Бірінші лигасының кубогін ұтып алғанын да қоса кету керек.
«Қызыл-Жар» ҚПЛ-де өткен маусымды 9-орынмен аяқтаған.
Біздің серіктес: FONBET