Дәл осы күндері Әли Әлиевтің орнына қызу талас жүріп жатқанға ұқсайды.
«Қызыл-Жардың» бас бапкерлігінен Александр Бразевичтен бөлек тағы бір Беларусь маманы дәмелі екен. Біздегі ақпаратқа сай, петропавлдық клуб дәл осы екі маманның арасында таңдау жасамақшы. Қос жаттықтырушымен де келіссөздер жүріп жатыр екен.
Игорь Криущенко бапкерлік қызметін негізінен өзінің отанында атқарып келеді. Онда «БАТЭ», «Динамо Брест», «Динамо Минск» және Ресейде «Сибирь», Өзбекстанның «Шуртан Гузар» командаларын да жаттықтырған. 2017-2019-жылдар аралығында Беларусь құрамасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы және бас бапкері қызметін атқарып келген болатын. Жаттықтырушылық мансабында Беларусь чемпионаты (БАТЭ-мен 2005-2006, 2006-2007 жылғы маусым) мен Кубогінде екі реттен жеңіске жеткен (Торпедео-БелАЗ Жодино – 2015-2016 жылғы маусым, БАТЭ-мен 2005-2006 жылғы маусым).
Айта кетейік, «Қызыл-Жар» өткен маусымда ҚПЛ-ді 9-орынмен аяқтады.
Біздің серіктес: FONBET