
«Қайсар» мен «Оқжетпес» Қызылордада ҚПЛ-дің үшінші турының шымылдығын ашты.
Виктор Кумыковтың командасы ойынға жақсы «кірген» - ұлттық команда жаққан Жақсылықов дубль авторы атанды. Айбар алдымен ойыннан гол салса (20-минут) бірінші тайм түгесілер тұста пенальтиден есепті еселей түсті 38 (2:0). Бірақ екінші тайм басында Темірлан Мырзағалиевтің алаңнан қуылуы «Қайсардың» бүкіл еңбегін зая етті. Қонақтар осыдан кейін қарқын алып, жағдайды түзеуге көшті. Алдымен көкшетаулық клубтың капитаны есеп айырмасын қысқартса (59-минут) ойынның аяқталуына санаулы минут қалғанда Страхиния Иованович таразы басын теңестірді 89 (2:2).
Сонымен, үш турдан кейін «Оқжетпес» 4 ұпайға иелік етсе, «қасқырларда» екі ұпай бар.
Командалардың негізгі құрамы:
«Қайсар»: Салайдин, Кеңесбек, Төлегенов, Мұрзағалиев, Қалмуратов, Әбікен, Нәрзілдаев, Алтынбеков, Жалмуқан, Ағзамбаев, Жақсылыков;
«Окжетпес»: Төлепберген, Идрисов, Даиров, Прце, Досмағанбетов, Дарабаев, Марат, Жұмат, Тәжібай, Адахаджиев, Мұхамед.
Біздің серіктес: FONBET