Қызылордадағы ойында есеп ашылмады

24.08.2024, 22:26

“Қайсар” мен “Жетісу” арасындағы Премьер-лиганың 18-тур кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Қызылордадағы ойында есеп ашылмады

Матч барысында алаң иелері статистикалық басымдыққа ие болғанымен, Талдықорғаннан келген команда қақпасынан саңылау таба алмады. Қарсылас ұжым болса, мүлдем сылбыр өнер көрсетті. 90 минут қорытындысы бойынша Нұрдәулетов шәкірттерінің шамасы 1 тура соққыға жетті.

“Қайсар” мен “Жетісу” турнирлік кестеде көршілес ұжымдар. Қызылорда командасы 22 ұпаймен 7 орында келе жатса, Талдықорған клубы 19 ұпаймен 9 орында орнығып алды. 

Келесі турда “Қайсар” “Ордабасымен” кім мықтыны анықтайды. Ал “Жетісу” стадионына қыркүйек айында оралатын “Тұранды” өз алаңында қабылдайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×