Қызылордадан Ақтауға - Кумыков ҚПЛ-де жұмыс істеуін жалғастырмақ

25.11.2025, 15:45

Виктор Кумыков жаңа маусымды жаңа клубта бастайды, деп хабарлайды Aladop.kz.

 

Қызылордадан Ақтауға - Кумыков ҚПЛ-де жұмыс істеуін жалғастырмақ

62 жастағы Ресейлік маман "Каспий" командасын тізгіндемек.

Ақтаулық ұжым Бірінші лигада чемпион атанып, Премьер лиагаға жолдама алған. 

Кумыков жуырда ғана Қызылорданың "Қайсар” клубынан кеткен еді. Өткен маусымда оның басшылығымен команда Премьер лигада 11-орын иеленген болатын.

Бұл Кумыковтың сегізінші реткі Қазақстандық клубтың бапкері болып тағайындалуы. Тәжірибелі маман бұған дейін “Қайсардан” бөлек “Есіл”, “Елімай”, “Ордабасы”, “Атырау”, “Шахтер” командаларын баптаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×