Қызылордалық клубтың жаңа жұлдызы командаластарын таңғалдыруда

Бүгін, 10:45

Қызылордалық клубтың жартылай қорғаушысы Никола Цуцкич команданың жаңа мүшесі, әйгілі Виктор Мозестің бейімделуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қызылордалық клубтың жаңа жұлдызы командаластарын таңғалдыруда

Оның айтуынша, Нигериялық легионер ұжыммен тіл табысуда.

Цуцкич Мозестің сабырлы әрі кәсіби мінезін ерекше атап өтті. Ол жұлдызды ойыншы болса да, өзін өте қарапайым ұстайды екен:

"Бәрі жақсы, ол командамен араласып жүр. Өте жақсы адам, бірақ көп сөйлемейді. Әзірге бәрімен жақын танысу үшін біраз уақыт керек екені түсінікті. Дегенмен, қазірдің өзінде барлық ойыншылармен достық қарым-қатынаста.” — дейді Никола.

Ең бастысы, Мозестің жасы мен жаңа ортасына қарамастан, оның футболшы ретіндегі қарымы бірден байқалған. Цуцкичтің сөзіне сенсек, "Челсиде” ойнаған ойыншының деңгейі жаттығу кезінде-ақ көзге түседі.

"Алаңдағы қимылы мен доппен жұмысы оның нағыз шебер екенін дәлелдейді. Оның ойын оқу мәнері "Қайсардың" шабуыл шебіне жаңа серпін бере алады.” – деп қорытындылады Цуукич Legalbet.kz сайтына берген сұхбатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×