Қазақстан Премьер-Лигасының 16-тур матчында «Тұран» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжар» командасын қабылдады.
Ойын қонақтардың басымдығымен өтті. Әйтсе де алғашқы таймда есепті алаң иелері ашты. Гол авторы - Асылжан Аббас. Петропавлдық команданың капитаны Александр Нойок есепті теңестіруге мүмкіндік алған еді. Бірақ оның соққысы маңдайшаға тиіп, голға айналмады. Екінші таймда Анатолий Козленко алыстан соққан добымен есепті теңестірді. Кейін «Қызылжар» шабуылды үдетіп, пенальтидің арқасында жеңіске жетті. Есеп: 1:2.
«Тұран» — «Қызылжар» 1:2 (1:0)
Голдар: Аббас 11 (1:0), Козленко 69 (1:1), Жаңғылышбай (пенальти) 86 (1:2)
Салынбаған пенальти: Нойок 32 (маңдайша).