“Қызылжар” бас бапкер Милич Чурчичпен келісімшартын ұзартты

26.11.2025, 17:45

"Қызылжар" футбол клубы Cербиялық маман Милич Чурчичпен келісімшартын ресми түрде ұзартты, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қызылжар” бас бапкер Милич Чурчичпен келісімшартын ұзартты

Клубтың Instagram парақшасында жарияланған мәлімдемеде:

"Милич Чурчич – бізбен бірге"

"Қызылжар“ Cербиялық маманмен келісімшартты ұзартты. Оның жетекшілігімен команда алғаш рет тарихында Қазақстан кубогының жартылай финалына жолдама алып, маусымды турнир кестесінің 9-орнында аяқтады.

Алда – жаңа жұмыс, жаңа мақсаттар. Бірге алға басамыз.” – делінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×