“Қызылжар” клубының ойыншылары шу шығарды

Петропавлдық команданың қазіргі жағдайы мәз емес.

“Қызылжар” клубының ойыншылары шу шығарды

“Қызылжар” футболшылары кешелі бері клуб жаттығуларына қатысудан түбегейлі бас тартып жатыр екен. Айлығын ала алмай жүрген ойыншылар командаға бойкот жариялады.

Петропавл командасы ойыншылардан бөлек, тағы қызметкерлер мен бапкерлерге қарыз. 

Клуб ойыншыларының сырт алаңдарда жатып жүрген қонақ үйлерін төлеп беруге де шамасы жетпеген. Соның нәтижесінде “Қызылжардың” берешегі белден асқан. 

Милич Чурчич баптайтын команда Премьер-лиганың 16-тур қорытындысы бойынша 19 ұпаймен турнир кестесінде 9 орында келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×