«Қызылжар» клубының рекордсмен шабуылшысы жанкүйерлердің күлкісін келтірді

11.07.2025, 20:57

«Қызылжар» клубы шабуылшы Тимур Мульдиновтың команда сапында 130 ойынын өткізгенін мәлімдеді.

«Қызылжар» клубының рекордсмен шабуылшысы жанкүйерлердің күлкісін келтірді

“Тимур Мульдинов — «Қызылжар» клубының рекордшылар үштігінде

«Қызылжар» футбол клубының 31 жастағы шабуылшысы Тимур Мульдинов Қазақстан Премьер-лигасында ең тұрақты ойыншылардың бірі ретінде клуб тарихына енді.

Тимур өз алғашқы ойынын клуб сапында 2018 жылдың 11 наурызында, сырт алаңда «Қайратқа» қарсы өткізген. Содан бері ол 130 матч өткізіп, 15 голдың авторы атанды.

Осы көрсеткіштің арқасында Мульдинов клуб тарихындағы ең көп ойын өткізген футболшылар рейтингінде үшінші орынға көтеріліп, Арам Восканянды басып озды.

📊 «Қызылжар» клубы ойыншыларының Премьер-лигадағы матч саны бойынша үздік үштігі (1992–2025):
🥇 Юрий Чухлеба – 277 матч
🥈 Кирилл Кекер – 146 матч
🥉 Тимур Мульдинов – 130 матч

👏 Тимурды осы маңызды жетістігімен құттықтаймыз!” – делінген клубтың хабарламасында. 

Клубтың әлеуметтік желісінің пікірінде кей оқырмандар “1 маусымда 2 гол соғатын шабуылшы”, “15 гол соғып тастаған сұрмерген” деген сынды пікір қалдырған.

Айта кетейік, 31 жастағы шабуылшы өз мансабындағы ең сәтті кезеңін 2018 жылы өткізіп, 8 гол соққан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×