“Қызылжар” қорғанысын жас талантпен күшейтті

Бүгін, 09:00

Петропавлдық "Қызылжар" футбол клубы ресми түрде Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Тимур Құрбановтың команда сапына қосылғанын жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қызылжар” қорғанысын жас талантпен күшейтті
Instagram: fcqyzyljar

Клубтың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 19 жастағы футболшымен үш жылдық келісімшарт жасалған. 

Тимур Алматы футболының түлегі, мансабын "Жас Қыран” клубында бастаған.

Өткен маусымды Ақтаудың "Каспий" командасында өткізіп, 25 матчта алаңға шықты және 1 гол соқты.

Ол, өткен қараша айында Қазақстанның U-21 жастар құрамасы сапында дебют жасаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×