“Қызылжар” құрамы тәжірибелі ойыншымен толықты

11.01.2026, 19:39

Евгений Макаренко Петропавл клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қызылжар” құрамы тәжірибелі ойыншымен толықты

Украиналық легионер Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында бапкерлер алқасының көңілінен шығып, команданың негізгі құрамына қосылуға мүмкіндік алды.

34 жастағы Евгений Макаренко — атақты "Динамо Киев” академиясының түлегі. Ол өз мансабында Украина ұлттық құрамасының жейдесін киіп, халықаралық деңгейде айтарлықтай тәжірибе жинақтаған ойыншы.

Қазақстандық жанкүйерлерге Макаренко Шымкенттің "Ордабасы” сапындағы өнері арқылы жақсы таныс. Ол Шымкенттік клубпен бірге Қазақстан чемпионы атанып, команданың жетістігіне елеулі үлес қосқан еді.

Алайда клуб басшылығымен арада туындаған келіспеушіліктерге байланысты командадан кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×