“Қызылжар” құрамында өзгеріс орын алды

13.08.2024, 19:42

Петропавлдық ұжым 27 жастағы қорғаушы Артем Литвяковпен келісімге келді. 

“Қызылжар” құрамында өзгеріс орын алды

Қазақстандық командаға Молдавия азаматы ливандық “Нейдмех” командасынан ауысып келді. Бойы 1.90 см құрайтын ойыншы аталған командада небәрі 5 ойын өткізді. Артем әр жылдары беларустық және өзбекстандық клубтарда доп тепкен.

Литвяков Али Алиев баптайтын командамен осы жылдың соңына дейін келісімшартқа отырды.

Онымен қоса, “Қызылжар” 25 жастағы қорғаушы Никола Богдановскимен қош айтысты. Команда сапында Никола барлық турнирлерде 13 матч өткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×