Анотолий Козленко тағы бір маусым Петропавл клубында өнер көрсетеді.
Қорғаушы “Қызылжар” сапына осы жылдың 12 қаңтарында қырғызстандық “Дордойдан” ауысып келген болатын. Өткен маусымда Козленко ҚПЛ-де 18 ойын өткізіп, негізгі құрамның тұрақты өкілі ретінде өзің көрсете алды.
Жасы небәрі 23-те болса да Анотолий шетелдің біршама клубында өнер көрсетіп қайтты. Атап айтсақ, қорғаушы әр жылдары украиналық “Динамо” Киев, “Днепр-1”, польшалық “Тыхы”, “Рух”, швейцариялық “Волен”, грузиялық “Гаграда” тәжірибе жинақтап келді.
Еске салсақ, “Қызылжар” бұған дейін қорғаныс шебіндегі Артем Черединовтың келісім шартын бір маусымға ұзартқан еді.