“Қызылжарда” дағдарыс – Қызметкерлер жалақысыз қалды

Бүгін, 15:08

Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайтын "Қызылжар" клубында жалақы мәселесі ушығып тұр, деп хабарлайды Aladop.kz.

 

“Қызылжарда” дағдарыс – Қызметкерлер жалақысыз қалды
Сергей Кан & Әлішер Апсалямов

Match KZ мәліметінше клуб қызметкерлеріне қаңтар айының еңбекақысын әлі төлемеген.

Осы аптаның басында клубтың бас менеджері Әлішер Апсалямов барлық қызметкерлерді жинап, мәселені шешуге уәде берген екен. Оның айтуынша, жалақы жұма немесе сенбі күні түсуі тиіс болған. Алайда, белгіленген мерзім өтсе де, қаржы әлі күнге дейін аударылмаған көрінеді.

2025 жылдың қараша айында "Қызылжар” ресми түрде жеке инвестор Сергей Қанның басқаруына өткен болатын. 

Сонымен қатар, СҚО клубына мемлекет бюджетінен де қомақты қолдау көрсетілмек:

– Бөлінген сома: 5 500 000 000 теңге.

– Мерзімі: Бұл қаржыландыру алдағы үш жылға есептелген.

Осылайша, мемлекеттен миллиардтаған теңге бөлініп, жеке инвестордың басқаруына өткеніне қарамастан, клубта қаржылық мәселелер орын алуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×