“Қызылжарда” қайта дау туды

Айдың күні аманында футболшы мен бапкердің көмекшісі төбелесіп қалыпты.  

“Қызылжарда” қайта дау туды

Ел құрамасы бапкеріне 10 млн айлық беріп басы дауға іліккен “Қызылжарда” тыныштық орнар емес. Бұл жолы команданың үздігі Дарко Зорич бапкерлік штабпен сөзге келіспей қалыпты. Сол жағдайдан кейін қаратаулық клубтан кетемін деп нақты шешім қабылдапты. 

Маңызды ойыншысын жоғалту Петропавл ұжымы үшін оңайға соқпас. Оның үстіне трансферлік бан алудың алдында тұрған клуб қарапайым ойыншы тұрмақ, бапкер алуға қауқары келмеуде.

Дарко “Қызылжардың” тұрақты легионерлерінің бірі. Ол қызыл-қаралар сапында барлық турнирлерді қосқанда, 86 ойын өткізіп, 20 гол мен 14 голдық пас берді. Одан тағысы, қаптал вингері ішкі чемпионатта “Оқжетпес” жейдесін киіп, Премьер-лигадағы ойындар санын 90-ға жеткізіп қалды. Алайда жоғарыда болған жағдай бұл жоспардың орындалмай қалуының басты себебі болары сөзсіз.

Айта кетейік, “Қызылжар” чемпионаттың 18-тур қорытындысы бойынша 19 ұпаймен турнир кестесінде 9 орында тұрақтап отыр. 

Дереккөз: "ЖаркOFF" телеграм-арнасы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×