Абдул-Азиз Туре - “Динамо-Минск” ойыншысы атанды.
23 жастағы ивуарлық қаптал қорғаушысы өткен маусымды “Қызылжар” сапында өткізген болатын. Қазақстанда Абдул-Азиз барлығы 12 ойын өткізіп, жыл қорытындысы бойынша командадан кетті.
Кәсіби футболдағы 3 жыл уақытын өткізіп жатқан Туреге Беларусь чемпионаты тансық емес. 2024 жылы қорғаушы “Сморгонь” ұжымына қосылып, бір маусымда 26 кездесуге қатысты.
Қызылжарда доп тепкен қаптал қорғаушы шабуылшы Леонард Гвенттен кейінгі “Динамоның” кезекті трансфері саналып отыр.