“Әл Наср” 2-1 “Әл Рияд”: Роналду дубль жасап, командасын жеңіске жетеледі

13.04.2025, 15:00

Криштиану Роналду "Әл-Рияд" қақпасына екінші таймда екі гол соғып, командасына жеңісін сыйлады.

“Әл Наср” 2-1 “Әл Рияд”: Роналду дубль жасап, командасын жеңіске жетеледі

Бірінші таймның соңында “Әл-Рияд” есеп ашқан болатын, алайда алаң иелері “Әл-Хилалға” қысым көрсетуді жалғастырды.

Ойын басында Жон Дюран есепті ашуға жақын болды – Роналдудың керемет пасынан кейін ол допты қақпаның маңдайшасына жақын бұрышқа бағыттағанымен, торға дәл тигізе алмады.

Ойын барысын “Әл-Наср” бақылауда ұстағанымен, қауіпті сәттерді қонақтар көбірек жасады. Бернард Менса алыс қашықтықтан тепкен добымен қақпа маңдайшасын сәл ғана сүріп өтті.

 

Ақыры бірінші таймның қосымша минуттарында Файз Селемани есеп ашты – Абдуеллаh Әл-Хаибаридің соққысы қақпашыдан қайтқанда, ол допты қақпаға дәл көздеді.

Екінші тайм басталған соң 11 минут өткенде “Әл-Наср” есепті теңестірді. Садио Маненің пасынан кейін Роналду допты бос қақпаға тоғытты.

64-минутта 40 жастағы Португал әуелеп келген допты жерге түсірместен бірден соғып қақпа майдайшасына тигізіп тамаша гол соқты.

94-минутта “Әл-Риядтың” ойыншысы Ахмад Асири Жон Дюранға қарсы дөрекі ойнағаны үшін бірден қызыл қағаз алып, қонақтар он ойыншымен қалды.

Бұл жеңіспен “Әл-Наср” “Әл-Хилалдан” бар болғаны бір ұпай қалып 3-ші орында келеді.

Криштиану Роналду Сауд Арабиясы дербилерінде 12 ойында 13 голға (10 гол, 3 ассист) үлес қосты. Бұл — “Әл-Риядқа” қарсы оның соңғы үш ойындағы төртінші голы.

Сонымен қатар Роналдудың екінші голы “Әл-Насрдың” Сауд Премьер-лигасындағы 900-ші голы болды — бұл көрсеткіш бойынша лигада тек “Әл-Хилал” (1,028 гол) ғана алда тұр.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×