Испания чемпионатында VAR жүйесіне жаңа өзгерістер енгізілуі мүмкін. Ла Лига президенті Хавьер Тебас бас бапкерлерге матч кезінде екі рет видео қайта қарауға мүмкіндік беретін жүйені енгізуді ұсынды.
"Мен VAR-дың жұмысын қайта қарастыру керек деп ойлаймын. Маған ФИФА сынақтан өткізіп жатқан жаңа жүйе ұнайды. Бұл жүйеде әр бас бапкер матч барысында екі рет видео қайта қарау сұрай алады, төрешінің өзі шешім қабылдағанын күтпей-ақ. Мұндай тәжірибе талай даулы жағдайды болдырмауға көмектеседі. Біз оны Испанияның басқа лигаларында да сынап көруіміз керек.” – деді Тебас Sport.es порталына берген сұхбатында.
Егер ұсыныс қабылданса, Испания чемпионаты әлемдегі алғашқы ірі лигалардың бірі болып, бұл жүйені қолданатын болады.
– Sport.es