Кезінде "Қайраттың" намысын қорғаған, қазіргі таңда Испаниялық "Вильярреал" клубында матчтарды талдау маманы болып қызмет ететін Сесар Арсо бүгінгі матч жайлы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Брюгге" — фаворит пе?
Испаниялық маманның пікірінше, Aлматылық ұжымға Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізу оңай соқпайды. Сарапшы Бельгиялықтардың деңгейі жоғары екенін баса айтты.
"Қайраттың” "Брюггеден” басым түсуі өте қиын болады. Қарсылас команданың құрамы таңғаларлық шеберлерге толы және олар Бельгия чемпионатында өте жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Оның үстіне, "Брюгге" — Еуропаның топ лигаларына жыл сайын өз ойыншыларын сәтті сатып отыратын клуб. Құрам сапасы жағынан алып қарасақ, "Брюгге” айтарлықтай басым.” — деді Сесар Арсо.