Ламин Ямал – 2025 жылғы “Копа” трофейінің иегері

23.09.2025, 00:35

"Барселонаның" жас жұлдызы Ламин Ямал 2025 жылғы "Копа" трофейін жеңіп алды. Бұл марапат 21 жасқа дейінгі әлемнің үздік футболшысына берілетін ең беделді сыйлықтардың бірі. Ямал бұл жүлдені қатарынан екінші рет иеленіп отыр.

Ламин Ямал – 2025 жылғы “Копа” трофейінің иегері

Жеңімпазды таңдаған қазылар алқасы бұрынғы "Алтын доп" иегерлері. Оның 2024/25 маусымындағы керемет өнерін жоғары бағалап, оны жаңа дәуірдің символы әрі әлем футболының ең жарқын жас жұлдыздарының бірі деп таныды.

Өткен маусымда Ламин Ямал "Барселонаның” барлық жарыстарындағы басты қозғаушы күші болды, 55 матчта алаңға шығып, 18 гол соқты және 25 нәтижелі пас берді.

Оның креативтілігі, гол соғудағы дәлдігі және тактикалық ойыны Каталондықтарға тарихи дубльді емес, толыққанды үштік тәжді жеңіп алуға көмектесті.

Ұлттық құрама сапында да Ямал жарқырай түсті. Оның қатысуымен Испания тағы бір Еуропа кубогын жеңіп алды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×