Ламин Ямал 2026 жылғы “Алтын допқа” үміткерлер рейтингінде көш бастады

24.09.2025, 18:30

Британдық Goal басылымы 2026 жылы табысталатын “Алтын доп” жүлдесіне басты үміткерлердің рейтингін жариялады. 

Ламин Ямал 2026 жылғы “Алтын допқа” үміткерлер рейтингінде көш бастады

Тізімнің алғашқы орнында “Барселона” жартылай қорғаушысы Ламин Ямал тұр. Ол “Реал Мадрид” шабуылшысы Килиан Мбаппені және “Манчестер Сити” форварды Эрлинг Холандты артта қалдырып, фавориттер үштігін түйіндеді.

Биылғы “Алтын доп” иегері — “ПСЖ”шабуылшысы Осман Дембеле, ол бұл жолғы болжамда сегізінші орынға жайғасты. 

ТOP 10-ға сондай-ақ Харри Кейн, Мохамед Салах, Педри, Витинья, Ашраф Хакими және Коул Палмер енді.

Айта кетейік, “ПСЖ” шабуылшысы Осман Дембеле 2024/2025 маусымының қорытындысы бойынша “Алтын доп” жүлдесінің иегері атанып, “Барселона” вингері Ламин Ямал екінші орын иеленген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×