Ламин Ямал — Эль Класикодағы ең нашар ойыншы боп танылды

27.10.2025, 18:00

Испания чемпионатының 10-турындағы басты кездесу — Мадридтік "Реал" мен Каталондық "Барселона" арасындағы Эль Класико тартысы "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтіп, алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Ламин Ямал — Эль Класикодағы ең нашар ойыншы боп танылды

Танымал Marca басылымы ойыншылардың баға көрсеткіштерін жариялап, кездесудің үздік және ең әлсіз футболшыларын анықтады.

"Барселонаның” 18 жастағы жас жұлдызы Ламин Ямал осы матчтың ең әлсіз ойыншысы атанды — ол небәрі 4 ұпай ғана жинаған..

Ал матчтың үздігі болып "Реал Мадридтің” Ағылшын жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем танылды. Ол 9 ұпай алып, кездесудің басты қаһарманы болды.

10 турдан кейін "Реал Мадрид” 27 ұпаймен Ла Лиганың көшін бастап тұр, ал "Барселона” 22 ұпаймен екінші орында орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×