"Барселона" шабуылшысы Ламин Ямал команданың өз стадионына оралуы туралы пікірін білдірді. Каталондықтар алдағы "Атлетикпен" болатын ойынды су жаңа Камп Ноуда өткізеді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ламин Ямал Инстаграмда профиль суретін жаңартты. Суретте ол "Барселона" футболкасының эмблемасын қолымен ұстап тұрғаны бейнеленген.
Оның жанына 18 жастағы футболшы былай деп жазды:
"Монжуик бастама еді. Камп Ноу болса, тарих жазылатын орын."
Қазіргі уақытта "Барселона" Испания чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орын иеленуде. Ханс-Дитер Флик басшылығындағы команда "Реалдан" үш ұпайға қалып келеді.