Ламин Ямал: Хави өмірімді түбегейлі өзгертті

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
05.04.2024, 16:06

Барселонаның» вингері Ламин Ямал өзінің өмірін каталондық команданың бас бапкері Хавидің қалай өзгерткені жайлы пікірін білдірді. 

 

Ламин Ямал: Хави өмірімді түбегейлі өзгертті

Жас футболшы «Барселонаның» негізгі құрамына қосып, мүмкіндік бергені үшін испаниялық маманға алғысын айтты. Естеріңізде болса, Ламин Ямалдың «Барселонадағы» дебютті матчы 2023 жылы 29-шы сәуірде болған еді. Ол кезде испаниялық талант небары 15 жаста болатын.
«Менің және отбасымның өмірін түбегейлі өзгертті. Жаттығу мен сабаққа баратын 15-тегі баладан негізгі құрамның ойыншысына айналдым», - деген Ламин Ямал Хави жайлы жылы пікір білдірді.
Осы маусымда жартылай қорғаушы «Барселона» қатарында барлық турнирде 40 ойынға қатысып, алты рет мергендік танытқан. Сондай-ақ, Ламин Ямал әріптестеріне 7 голдық пас шығарып берді. 16 жасар футболшы осы маусымда алаңда 2238 минут өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×