Ламин Ямал махаббатына нүкте қойды

03.11.2025, 10:00

Ламин Ямал мен Ники Николдің қарым-қатынасы аяқталды.

Ламин Ямал махаббатына нүкте қойды

Жас футболшы бұл туралы достарының үйлену тойында журналистерге берген сұхбатында айтты.

"Иә, біз қазір бірге емеспіз. Бар болғаны — екі жақ өз жолымен кетті. Айтылып жүрген әңгімелердің біздің қарым-қатынасқа еш қатысы жоқ." — деді ол Испандық D Corazón телебағдарламасына.

Сонымен қатар Ямал "опасыздыққа барған" деген айыптауларды түбегейлі жоққа шығарды.

"Мен ешкімге опасыздық жасаған жоқпын және басқа адаммен болған емеспін." — деп нақтылады ол.

Соңғы апталарда әлеуметтік желілерде Ламиннің Миланға жасаған сапары оның басқа біреумен кездескені туралы қауесетті өршіткен еді. Алайда футболшы бұл ақпараттың жалған екенін айтып, ешқандай үшінші адамның қатысы жоқ екенін ашық жеткізді. Ол Ники Никол екеуінің арасы табиғи түрде суығанын, ешқандай жанжал не драмалық жағдай болмағанын айтты.

Ламин мен Никидің таныстығы жаз айларында басталған. Ал олардың қарым-қатынасы тамыздың соңында көпшілікке белгілі болды. Сол кезден бастап футбол мен музыка әлемінің ең көп талқыланған жұптарының біріне айналды. Олар жиі бірге саяхаттап, түрлі шараларда қатар көрініп, әлеуметтік желілерде ортақ суреттерімен бөлісіп жүрген.

Қазанның 22-сінде Ямал "Олимпиакосқа” қарсы матчта соққан голын сүйіктісіне арнап, көпшілікті сүйсіндірген еді. Бірақ бар болғаны бірнеше айға созылған бұл романтика қазір аяқталды. Екеуі де әлеуметтік желідегі ортақ жазбаларын өшіріп, бұрынғы естеліктерді жойған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×