Ламин Ямаль Түркияда күтпеген мәселеге тап болды

08.09.2025, 11:23

«Барселона» мен Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль Түркияда өткен матчтан кейін төлқұжатын жоғалтып алды.

 

Ламин Ямаль Түркияда күтпеген мәселеге тап болды

Түркия - Испания (0:6) ойынынан кейін, Ламин Ямаль төлқұжатын ұзақ іздеген. Ол тіпті киім ауыстыру бөлмесін де бірнеше мәрте қарап шыққан. Алайда құжат жер жұтып қойғандай, табылмады. Нәтижесінде футболшы төлқұжатсыз стадионнан кетуге мәжбүр болды. Қазіргі таңда оның Түркиядан Испанияға қалай оралатыны белгісіз.

Айта кетейік, Испания құрамасы Конья қаласында өткен кездесуде Түркияны ірі есеппен жеңді. Қонақтардың сапынан Микель Мерино хет-трик жасаса, Педри дубльмен көзге түсті. Тағы бір голды Ферран Торрес соқты. Ал Ламин Ямаль екі нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×