Ламин Ямал жанкүйерлерді таңғалдыруын жалғастыруда, деп хабарлайды Aladop.kz.
Футболшының YouTube арнасы бар-жоғы екі күн ішінде 1 миллионнан астам жазылушы жинады.
Қазіргі уақытта оның арнасында 1,09 миллионнан астам қолданушы жазылған. Аррнаға әзірге бір ғана видео жүктелген. Онда Ламин Ямал өз үйінде шағын экскурсия өткізіп, жеке өмірінен сыр шерткен.
Екі тәулік ішінде видео 6.1 миллион рет қаралған екен.
YouTube ережелеріне сәйкес, 1 миллион жазылушыға жеткен арна авторларына арнайы "Алтын батырма" сыйлығы табысталады.
Ламин Ямал да жақын арада бұл сыйлықты қолына алатын болады.