"Барселона" клубының шабуылшысы Ламин Ямал туған күн кешінде бойының өсуіне байланысты кемістігі бар, яғни кішкентай адамдарды (одойларды) ойын-сауық үшін шақырғаны туралы ақпарат пайда болды. Осыған байланысты Испаниядағы адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар оның әрекетін сынға алып, құқықтық шаралар қолданатынын мәлімдеді.
Испаниядағы Ахондроплазия және басқа да қаңқа-жүйке ауруларына шалдыққан, бойы аласа адамдардың қауымдастығы (ADEE) бұл жағдайды "кемсітушілік және қорлау әрекеті” деп атады.
Аталған ұйым ресми мәлімдемесінде:
"Біз мүгедектігі бар адамдардың ар-намысын қорғау үшін құқықтық және әлеуметтік шараларды қабылдаймыз. Себебі бұл әрекеттер тек қолданыстағы заңнаманы бұзып қана қоймай, теңдік пен құрметке негізделген қоғамның іргелі этикалық құндылықтарына қайшы келеді.” деді.
Осылайша ADEE Испанияның мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы заңы негізінде Ламин Ямалға немесе іс-шараны ұйымдастырушыларға қарсы ресми шағым дайындап жатқанын хабарлады.